12.11.2015, 11:26
Қараулар: 343
Құндылығы мол семинар

Құндылығы мол семинар

Аудандық “Жас туристер станциясы” мекемесінің жұмыс жоспарына сай туристік-өлкетану қызметін жандандыру, одан әрі дамыту мақсатында мекеме педагогтары және мекеме жанындағы Көгеріс, Талдыбұлақ, Жосалы, Жаңаөңір ауылындағы үйірме жетекшілерінің қатысуымен семинар кеңесі ұйымдастырылды.

Семинардың алғашқы сөзін мекемінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Ахметұлы алып семинардың өту барысымен таныстырды. Семинар кеңесін облыстық “Қосымша білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбие үдірісін ұйымдастыру және басқару” тақырыбында курстан өтіп келген мекеменің экология үйірмесі жетекшісі Илона Нұрмағанбетқызы жалғастырып, облыстық курстан түйіп келген жұмыстарымен және әртүрлі қызықты тренингтерімен бөліссе, облыстық әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен “Шығармашылық жетістікке жету жолындағы кәсіби бағдар берудің тиімді тәсілдері” тақырыбында өткен шеберлік сыныбына қатысып келген экология үйірмесі жетекшілері А.Айдарханова мен Ж.Ғабдрахимова шеберлік сыныбынан алған әсерлері мен тәжірбиелерін ортаға салып, әріптестермен бөлісті. Семинар соңында  қатысушылар  мекеменің оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына өздерінің ұсынбаларын жолдады. Атап айтар болсақ, Көгеріс негізгі мектебінің “Бард” үйірме жетекшісі А.Қыдырғалиев өз ауылындағы мектептің ауласына үйірме оқушыларына спорттық бағдарлау өткізу үшін спорттық карта жасауға көмектесуді сұраса, Талдыбұлақ орта мектебінің туризм үйірмесі жетекшісі Ж.Ғабдрахимова өз ауылынан мектеп мұражайын жасақтағысы келетінін айтып, құжаттар жағына көмек көрсетуді сұрады. Семинар соңында облыстық курстардан алынған тәжірбиелер оқу процесіне енгізілу және аталған ұсыныстар толық талқыланып, қаралу туралы қаулы қабылданды.

«Жас туристер станциясы» МКҚК

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар