18.11.2021, 12:16
Қараулар: 30
АРМАТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

АРМАТ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ақын-жырау Қашаған Күржіманұлының 180 жылдығына орай Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен, Маңғыстау облыстық ғылыми әдістемелік және мәдени қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен қараша айының 16 күні Маңғыстау телеарнасының қазақ ақын-жыраулары мен сазгерлерінің есімін әйгілеп, елге таныстыру, шығармашылығына талдау жасау және кеңінен насихаттау мақсатындағы «СӨЗ бен САЗ» бағдарламасының «Менің атым — Қашаған!» атты кезекті 40 41-ші республикалық байқауы өткізілді.
Аталмыш байқауда Сырым ауданынан қатысып, намысын қорғап, Армат Амангелерұлы Алдамжаров жүлделі ІІІ орын алды.
Жыршылар мен мәнерлеп оқу шеберлері, суретшілер байқауына еліміздің Алматы, Нұр-Сұлтан, Қызылорда, Атырау қалалары мен Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарынан қатысқан 54 үміткерден 18-і іріктеліп, финалда бақ сынады.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА