8.11.2021, 15:36
Қараулар: 52
«SYRYM ELİ» gazetine jazylýshylar qabyl etiledi!

«SYRYM ELİ» gazetine jazylýshylar qabyl etiledi!

«Сырым елі» газетінің кешегі аты «Қайнар», ал бұрынғы атауы «Қызыл ту» болғанын білесіздер.

«Қызыл ту» кезінде газетке жазылу науқаны қалай жүрді екен? Газет бағасы қанша болды? Міне, қолымызда Алматы қаласындағы кітап палатасының архивінен алған «Қызыл ту» газетінің латын қарпімен шыққан 1939 жылдың соңындағы саны:

— 1940 жылға арнап «ҚЫЗЫЛ ТУ» газетіне жазылушылар қабыл етіледі. – деп басталып, кейін газет бағасы көрсетілген.

— «Қ. т» газетіне мезгілінде және ұзақ срокқа жазылығыздар! Жазылған газеттеріңізді уақытында және үзбей алып отыратын боласыздар! – деп үндеген екен редакция.

Ол кезде таралым саны – 2300 дана, ал аудандық басылымға 6 айға жазылу құны 40 сом, 60 тиын болыпты. Қазір «Сырым елі» газетіне жартыжылға жазылу құны жеке тұлғалар үшін – 1507 теңге, 60 тиын.

Жазылыңыздар! «SYRYM ELİ» gazetine jazylýshylar qabyl etiledi!

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы