3.11.2021, 17:06
Қараулар: 75
 » 
МЕЙІРІМ ШУАҒЫ ШАШЫЛҒАН КҮН

МЕЙІРІМ ШУАҒЫ ШАШЫЛҒАН КҮН

 

Қайырымдылық айлығы аясында аудан көлемінде ерекше қамқорлықты қажет ететін жандардың қолынан шыққан қолөнер туындыларынан ұйымдастырылған «Мейірім шуағы» атты жәрмеңке шарасы өтті.

Шарада аудандық мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева жәрмеңкеге жиылған қауымға жылы лебізін білдірді.

Аудан орталығынан бөлек, әрбір ауылдық округтің қолөнер шеберлерінің туындыларына аудандағы кәсіпкерлер, мекеме қызметкерлері, тұрғындар сүйсініп, ұнағандарын сатып алып, қолдау көрсетті.

Жеке кәсіпкер Гүлмаржан Тажаяқова ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға тәттілер сыйласа, жосалылық кәсіпкер Қанат Қатжанов Айша Есмагұловаға қаржылай қолдауын танытты.

 

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Сырым ауданы