3.11.2021, 16:54
Қараулар: 56
 » 
«30 ЖЫЛДЫҚҚА — 30 ТҮП КӨШЕТ»

«30 ЖЫЛДЫҚҚА — 30 ТҮП КӨШЕТ»

 

 

Осындай ұранмен Сырым ауданы әкімдігі мен аудандық прокуратура қызметкерлері Жымпиты көшелеріне ағаш екті.

Игі істі басқа ұжымдар да жалғастырды. «Тамаша тамаша емес, бірақ та ол, Бір мезгіл кетпен — күрек ұстамаса!» — дегендей, мекемелердегі қызметкерлер де кеңседегі қызметін ысырып, қолдарына күрек алып, экологиялық акцияға атсалысты. Жымпиты ауылдық округінің әкімі аппаратының бас маманы Тұрар Камаловтың айтуынша, бүгін жол бойлары мен саябақтарға 290 түп ақ қайың 15 емен егілген.

Көшеттерді егу — бір күннің шаруасы. Ал оны күтіп — баптау күн сайын атқарылатын шаруа. Сол шаруа шатқаяқтап қаласа болды.

 

Бауыржан ШИРМЕДИНҰЛЫ,

Сырым ауданы