28.04.2021, 17:13
Қараулар: 190
ЖОБА-ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

ЖОБА-ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Ауданда «Менің аулам–менің бағым» жобасы жүзеге асырылуда. Алғабас, Бұлдырты, Жымпиты, Шолақаңқаты ауылдарындағы 7 жұмыссыз азаматқа осы бағытта «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қайтарымсыз қаржы бөлініп, оларға жеміс ағаштары, құрал–жабдықтары мен тыңайтқыштар берілді. Жобаға қатысушылар 42 дана алма ағашы, 28 дана өрік және 476 дана таңқурай көшеттерін алды.
Жобаның мақсаты еңбек адамдарын өзін–өзі жұмыспен қамту болып отыр.