27.04.2021, 17:41
Қараулар: 140
АЙНҰР-ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

АЙНҰР-ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР

26-30 сәуір аралығында 2004-2005 жылғы жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасы Чемпионаты өтіп жатыр.
Орал қаласында өтіп жатырған чемпионаттың алғашқы күнінен-ақ жерлесіміз, Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірті Айнұр Амангелдина 36 кг салмақта қола жүлде иегері атанды. Жалпы аудан намысын 8 спортшы қорғамақ.
— Аталмыш чемпионатта барлық облыстан 450-ге тарта спортшы бақ сынауда. Айнұрдың жалпы 8 қарсыласы болды. 4 мәрте күресіп, 1 рет жеңіліс тапты. Қазір денсаулығы жақсы, дайындықтың қарқынды жүруі арқасында қарсыластарына тойтарыс беру Айнұрға аса қиынға түспеді,-дейді Айнұрдың бапкері Ержан Чукуров.
Жарыста бақ сынайтын палуандарға сәттілік тілейміз, жауырындарыңыз жерге тимесін!
Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы