27.04.2021, 12:21
Қараулар: 244
БАТА БЕРУДЕ БАС ЖҮЛДЕГЕР!

БАТА БЕРУДЕ БАС ЖҮЛДЕГЕР!

БАТА БЕРУДЕ БАС ЖҮЛДЕГЕР!
Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен онлайн түрінде өткен «Аталар сөзі-тәрбие –көзі» атты баталар сайысына абыз атамыз, зейнеткер Ахмет Батыршин қатысып, бас жүлдені ұтып алды. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және айлардың сұлтаны Рамазан айын насихаттау мақсатында бата беруде ерекше көзге түскен А.Батыршин осы сайыста бас жүлдемен ақшалай сыйлықты иеленді. Ұлтымыздың ұлы құндылықтарының бірі-бата беру дәстүрін дәріптеу, жаңғырту және жас ұрпақты адамгершілікке, рухани тазалыққа, имандылыққа, әдептілікке тәрбиелеуде А.Батыршиннің еңбегі өзгелерге үлгі-өнеге.
Тельман ИСАТАЕВ