26.03.2021, 18:11
Қараулар: 235
 » 
АУЫЛ ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ТАРАТТЫ

АУЫЛ ӘКІМІ БАЛАЛАРҒА СЫЙЛЫҚ ТАРАТТЫ

Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев Ұлыстың ұлы күні қарсаңында аудан орталығында тұратын балаларға аудан әкімі атынан Наурыз-қоржын сыйлыққа таратты.
Балаларға үлестірілген сөмкенің ішінде спорттық костюм, тәтті-дәмділер бар. Ауыл әкімінің қолынан сыйлық алған 12 бала жыл сайын дәстүрге айналған аудан әкімінің Наурыз тойына қатысуға тиіс балалар болатын. Олардың 10-ы Жымпиты ауылынан болса, екеуі Өлеңті ауылында тұрады. Карантиндік шектеулерге орай Ұлыстың ұлы күні тойланбайтын болғандықтан, үйлеріне апарып табыс етілді.
Шынар МОЛДАНИЯЗОВА