19.03.2021, 16:17
Қараулар: 293
 » 
ҚҰТ ТОЛҒАН ҚОРЖЫН

ҚҰТ ТОЛҒАН ҚОРЖЫН

Наурыз айы-жақсылық пен қайырымдылықтың айы. Наурыз мейрамы-қазақ халқы үшін ежелден қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Осындай «қайырымдылық жасау» біздің ауданда дәстүрге айналғалы қашан. Аудан әкімінің де ұл-қыздарға жылдағы дәстүрге сай қуаныш сыйлайтын сәті. Биыл «Наурыз-қоржын» төртінші мәрте балаларды қуантуға кірісіп кетті. Айта кетейік, осы жолы 100 балаға наурыз-қоржын табысталса, өткен жылдың жаңа жылында да облыс, аудан әкімдігінің озат оқушыларға арнайы сыйлықтар табыс еткен болатын.
Сырым ауданың әкімі Төлеген Төреғалиевтың атынан аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов жыл сайынғы дәстүр бойынша аудандық білім беру бөлімі, шығармашылық орталық қызметкерлерімен аудан орталығы Жымпитыдағы қолдауды қажет ететін отбасының балаларын ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, тәттілер салынған аудан логотипы бейнеленген сөмке және спорттық киім сыйлады.
Балалардың қазақы оюы бар киіммен жүргендігі қуантты. Дәстүрімізді, тегімізді ұмытпау-ұрпаққа міндет.
Жымпитыдағы 7 баладан бөлек, кішкентай Айша Асылбекқызының да үйіне арнайы барған қонақтарға Айшаның анасы Сымбат Жұмабаева шексіз алғысын жаудырды.
Балалардың да, ата-аналардың да қуанышында шек жоқ.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы