18.03.2021, 19:38
Қараулар: 227
 » 
СЫРЫМДА «ШУАҚ» КҮНІ

СЫРЫМДА «ШУАҚ» КҮНІ

14-наурыз көрісу күніне орай аудандық мәдениет үйінің фойесінде «Шуақ күні» аталатын мерекелік шара өтті. Шараға ауданның үлкендері арнайы келді.
Қазақылықтың иісі шығатын салт-дәстүріміз де ұмыт қалмады. «Тұсаукесер» рәсімі сахналанып көптің ықыласына бөленді.
Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов аудан тұрғындарын амал мерекесімен құттықтап, амандық тіледі.
Халқымыз үшін жылдың басы саналатын мерекеде аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздары өнер көрсетті. А.Алдамжаров «Дауылпаз», А.Сисенова «Беу құрбым» әндерін шырқаса, «Той базар» фольклоры, «Ақ маңдайлым» квартеті өнер көрсетіп, «Асыл» тобы «Ақжайық ару мекенім» деп шырқады.
Шара соңында ауылдың жастары үлкендердің батасын алып, арқа-жарқа болды.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы