18.03.2021, 19:19
Қараулар: 128
 » 
ҮШ МЕКЕМЕ АЙШАҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

ҮШ МЕКЕМЕ АЙШАҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

Сырымдықтардың жақсылық жасауда тартынып қалған кезі жоқ. Көмекке мұқтаж кішкентай Айша Есмагулованың еміне қаржы жинауға аудандық мекемелер кірісіп кетті. Бүгін алғаш болып үш мекеме Айшаның анасы Сымбат ханымға жинаған қаражаттарын әкеп табыстады. Аудандық экономика және қаржы бөлімі 18 000, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 102 000, аудандық білім беру бөлімі 41 000 теңге қолма-қол табыс етті.
Айшаның анасы Сымбат Жұмабаеваның Каспий Голд нөмірі: 5169497162747962, 8 7771810963.
«SYRYM eli»