18.03.2021, 19:15
Қараулар: 293
 » 
АУДАНДЫҚ МЕКЕМЕЛЕР АЙШАҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУҒА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

АУДАНДЫҚ МЕКЕМЕЛЕР АЙШАҒА КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗУҒА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Өмірі үшін арпалысып жатқан жымпитылық Айша таяу арада оныншы отасына аттанады. Жомарт жандар жанұшырып жәрдем беруде. Дегенмен, емге қажетті әлі қаражат толық жиналған жоқ.
«Сырым елі» газетінің редакциясы аудан әкімі Төлеген Төреғалиевтің атына Айша Есмагулованың еміне қажет сомадағы қаржы жиналмай жатқандықтан, аудандық мекемелердің бір күндік еңбекақыларын аударуға ықпал етуін сұрап, қызметтік хат жолдаған болатын.
Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов бұл ұсынысты қолдап, мекемелерді наурыз айының соңында Мәскеуге ота жасалуға аттанғалы отырған Айша Асылбекқызына көмек қолын созуға жұмылдырды.
«SYRYM eli»