15.03.2021, 10:47
Қараулар: 88
 » 
КОЛЛЕДЖДЕГІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» АКЦИЯСЫ

КОЛЛЕДЖДЕГІ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» АКЦИЯСЫ

Сырым колледжінде «Адалдық сағаты» -жалпы республикалық акциясы бағытындағы шаралар өтуде.
«Адалдық сағатының» мақсаты- ауданда еңбектің түрлі саласында қызмет етіп жүрген еңбек адамдарын таныстыру, колледж жастарына үлгі ету еді. Осындай шара барысындағы әсерлі кездесу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау капитаны, Тәуелсіздіктің құрдасы Қыдырсихов Арман Серікұлымен болды.
Кездесу барысында Арман Серікұлы Қадыр Мырзалиев атындағы жалпы білім беретін мектептің түлегі екенін мақтанышпен әңгімеледі. Өзіне білім берген ұстаздары туралы жылы лебізін айтты. Әңгіме барысында ол өзінің қызметі жөнінде айта келіп, әрбір жас азамат алдына қойған мақсаты мен арманына жету үшін тек қана өзіне сену керек екендігіне тоқталды.
Бос уақытында волейбол, баскетбол түрімен шұғылданатынын айтқан Арман жастарды спортпен дос болуға шақырды. Кездесу өте әсерлі өтті.

Шынар ХАЙРУЛЛИНА,
Сырым колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары