15.03.2021, 10:39
Қараулар: 185
 » 
НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

НӘЗІК ЖАНДЫЛАРҒА ҚҰРМЕТ

Ауданымыздағы аяулы жандарды, мақтанышымыз бола білген аналарымызды, барша әйел азаматшаларды аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов мерекемен құттықтап, мерекелік марапаттарды табыстады.

Атап айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен Г.Жармуханбетова, аталмыш министрліктің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» медалімен Л.Сохатова, Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлері кәсіптік одағының «Еңбек даңқы» төсбелгісімен Ж.Дюсенбаева марапатталса, ауданымыздың бір қатар нәзік жандылары аудан әкімінің алғыс хатына ие болды.

Шараны аудандық демалыс орталығының көркемөнерпаздары әсем әуенмен, бимен әрледі.

 

Айжан АМАНГЕЛДИНА