15.03.2021, 10:34
Қараулар: 127
 » 
ОБЛЫС ӘКІМІНЕН МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ  

ОБЛЫС ӘКІМІНЕН МЕРЕКЕЛІК МАРАПАТ  

 

Бір топ сырымдық әйел – ана облысының әкімі Ғали Есқалиевтің Халықаралық әйелдер күніне арналған құттықтау хатына ие болды. Аманатты аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов аналардың үйлеріне апарып тапсырды.

Өңір басшысының құттықтау хатына ие болғандардың арасында медицина саласының ардагері Өрік Искалиева, ардагер ұстаздар Сәния Отарова, Аягөз Нұрғожина, жол саласының ардагері Мастура Нұрғалиева, байланыс саласының құрметті қызметкері, Қазақстан халқы Ассамблеясы аудандық кеңесінің мүшесі Файруза Усманова, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы, мәслихат хатшысы Шынар Дүйсенғалиева бар.

Білім беру саласына сүбелі үлес қосқан ұстаз, үлгілі мемлекеттік қызметкер, соңғы жылдары Жымпиты ауылдық округінің әкімі болған марқұм Арман Баяндықовтың анасы Аягөз Нұрғожинаның шаңырағындағы кездесу тебіреніске толы болды. Ұлының әріптестерінің мерекелік құттықтауына ана ерекше қуанды:

— Ел басқарып, көптің тілін табу оңай жүк емес әрине. Өздерімен үзеңгілес жұмыс жасаған әріптестері Арманымды жоқтатпай , ерекше көңіл бөліп, қошемет көрсеткен азаматтарға үлкен рахмет. Арман — туған жерін сүйген патриот болды. Сол қасиеті елінің есінде қалды деген сөз жанға медеу. — деп редакцияға хат жазып жіберіпті Аягөз анамыз жүздесуден кейін.

 

«SYRYM eli»