15.03.2021, 10:29
Қараулар: 97
 » 
АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

АНАЛАР АРДАҚТАЛДЫ

Аудан әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай ауданға еңбегі сіңген аналарды арнайы барып, құттықтап, сый-сияпат табыстады. Асланбек Ахметоллаұлы құттықтаған аналар қатарында кітапхана саласының ардагері, суретші М.Жоламановтың анасы Мария Мұхамбетқалиева, прокуратура саласының ардагері Әмина Ашықбаева, «Ақниет» әжелер ансамблінің жетекшісі Гүлзағира Сарғозиева, Өлеңті ауылының ардагер ұстазы Қанипа Нұрғазиева, еңбек ардагері, ұстаз Светлана Тажмұханова, медицина саласының ардагері, акушер-гинеколог дәрігер Роза Есенғалиева бар.

 

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА