15.03.2021, 10:16
Қараулар: 196
 » 
ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ӘДІЛБЕК!

ЕЛ ҮШІН ТУҒАН ӘДІЛБЕК!

Бұлан ауылдық округі, Жамбыл ауылының тумасы, жеке кәсіпкер, «Солих» шаруа қожалығының жетекшісі Әділбек Қайырлиев туған ауылына өз қаражаты есебінен хоккей қорапшасын салып берді. – деп хабарлайды округ әкімі Тимур Құбаев.

Әділбек Серікұлы бұған дейін де Бұлан еліне үнемі көмек қолын созып жүрген атымтай жомарт. Мәселен, өткен жылы Жамбыл ауылында Ә. Қайырлиевтің тікелей демеушілігімен жазғы спорт алаңы және «Street Work Out» алаңы ашылып, қараша айында ауылға кіреберіске латын әліпбиімен «JAMBYL AUYLY» деген белгі орнатып берді. Округ көлемінде өткізілетін мәдени – көпшілік шараларға, «Қайырымдылық айлықтарында», республикалық «Мектепке жол» акцияларына Әділбек белсенді қатысып, үнемі ауыл балаларын қуантуда.

Өткен жылы коронавирус пандемиясы белең алып, карантиндік шаралар жарияланған уақытта Бұлан және Жамбыл ауылының аз қамтылған, табысы аз 11 отбасына 220 мың теңгенің азық – түлігі мен бір ірі қараның етін түгел таратқан Әділбек ауылдастарына тегін дәрі – дәрмекпен де жәрдемдесті.

 

«SYRYM eli»