10.03.2021, 17:13
Қараулар: 247
ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ЕСЕПТІ УАҚЫТЫЛЫ ТАПСЫРАЙЫҚ

ФИТОСАНИТАРИЯЛЫҚ ЕСЕПТІ УАҚЫТЫЛЫ ТАПСЫРАЙЫҚ

Көктем шыға ауыл шаруашылық тауар өндірушілері (АШТӨ) жер жыртып, егін егетіні хақ! Егер сіз, яғни егістікпен айналысатын шаруа адамы болсаңыз және егістікке қала берді бау-бақша дақылдарына химиялық пестицидтер (улы химикаттар) қолдансаныз, сонымен қатар пестицидтерді жүргізетін арнаулы техникаңыз болса онда Сіз, ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 Заңының 13, 14 бабының 5 тармағы және ҚР ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы №225 бұйрығына сәйкес, Сырым аудандық аумақтық инспекциясына төмендегідей тақырыпта ай сайыңғы есебіңізді тапсыруға міндеттісіз.
1) Пестицидтерді (улы химикаттарды), биопрепараттарды және энтомофагтарды өндіру және (немесе) өткізу (бір рет 25 шілдеге дейін және бір рет 25 қаңтарға дейін)
2) Пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттардың және энтомофагтардың қозғалысы. ( бір рет 15 шілдеге дейін және бір рет 15 қаңтарға дейін)
3) Пестицидтердің (улы химикаттардың), биопрепараттарды және энтомофагтарды сақтау (жыл сайын 15 қаңтарға дейін)
4) Бүріккіш және дәрілегіш техниканың бар-жоғы. (жыл сайын 15 қаңтарға дейін)
5) Химиялық өңдеулер жүргізу (наурыздан қыркүйекке дейін әр айдың 10 –сына дейін)
6) Химиялық өңдеу жөніндегі қызметтер көрсету (наурыздан қыркүйекке дейін әр айдың 10 –сына дейін)
7) Тыйым салынған және жарамсыз пестицидтерді (улы химикаттарды) және олардан босаған ыдыстарды залалсыздандыру . (жыл сайын 15 қаңтарға дейін)
8) Қоймалық үй жайлардың бар – жоғы туралы (жыл сайын 15 қаңтарға дейін)
Осы аталған айлық, тоқсандық, жылдық есептер уақытылы ұсынбаған жағдайда – жеке тұлғаларға бес, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – он, орта кәсіпкерлік субъектілеріне — он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Сұрақтар туындаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушылар өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторына жолығуға құқылысыз. Анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8-711-34-31-2-48, 8705 554 81 16.
ҚР АШМ АӨК МИК Сырым аудандық аумақтық инспекциясы Жымпиты ауылы, А. Жұмағалиев 19 мекен жайында орналасқан.
Темірлан ГАББАСОВ,
ҚР АШМ АӨК МИК
Сырым аудандық аумақтық
инспекциясының бас маман – өсімдіктерді
қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы