9.03.2021, 18:46
Қараулар: 97
САРЫП САСТЫРЫП ЖҮРМЕСІН

САРЫП САСТЫРЫП ЖҮРМЕСІН

    Сарып ауруы аудан көлемінде жиі кездесуде. Әсіресе, бұл ауру ошағы ауданның Сарой, Жымпиты ауылдық округтерінде белең алған. Малға да, адамға да жұққалы бұл дерттен қалай сақтана аламыз? Ол үшін не істеу керек? Осы тұрғысында аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жетекші маманы Бибінұр Мухамбетжанова әңгімелейді.

Сарып ауруы ауданда жыл сайын тіркелуде. Яғни, 2019 жылы сарыптың 1 оқиғасы, 2020 жылы – 2 оқиғасы ауданда тіркеліп, аудан бойынша  көрсеткіш 100 м.х.ш -10,7 % құрап отыр.

Жұқпа ошақтарын эпидемиологиялық – эпизоотиялық тексеру барысында      2 оқиғада  ауру көзі болып 100 %    ұсақ мүйізді малы табылды.

Мұның өзі ауру малды бағып күтетін адамдар арасында сақтық шараларына көңіл бөлмегендікті көрсетеді.

Баршаға мәлім бруцеллез жұқтырған адам апталап, айлап ауырады. Сөйтіп узақ уақыт бойына еңбекке жарамсыз болып қалады, соңы мүгедектікке әкеліп соқтырады. Сондықтан бұл дерттен құлан таза айығып кету үшін уақыт өткізбей дәрігерге ерте көрінген жөн. Сарыптың негізгі белгілері қызу көтерілуі, қалтырап тоңу, бастың ауруы, әлсіреу, терлеу сезілсе, бірнеше аптадан соң буындар ісе бастайды. Кейде ауру тез басылып, біраз уақыттан соң әсіресе күн суытысымен сырқат асқынады. Әрине бруцеллезден  сақтану үшін ең алдымен малдарды сауықтыру керек. Ол үшін іш тастаған малды жасырмай ветеринарлық мамандарға көрсетіп, дереу оқшаулап бөлек ұстаған жөн. Ауру малды 15 күнде жою қажет. Іш тастаған малдың шуын, астына төселген шөп қалдығын айырмен жинап, арнайы жабдықталған шұңқырға тастап залалсыздандырылуы тиіс. Әсіресе мал төлдету науқаны кезіңінде сақтық шараларын қатаң сақтаудың маңызы өте зор. Ауру малды дереу оқшаулау, жою, бұқырлау жұмыстарын сапалы жүргізу де ғана  адамдарды да малды да сарып ауруларынан сақтаудың тиімді жолы болмақ.

Ауыл тұрғындары көше бойында, аула ішінде сатып тұрған сүт өнімдері мен етті сатып алудан аулақ жүргені абзал. Яғни, мал өнімдерін сатып аларда сапасына кепілдігі бар, ветеринарлық-санитарлық бақылаудан өткен арнайы сауда орындарынан алған жөн. Малды сатып аларда ветеринарлық дәрігерден арнайы анықтаманы талап ету қажет.

«SYRYM eli»