9.03.2021, 18:05
Қараулар: 87
 » 
МАМАНДЫҒЫМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН

МАМАНДЫҒЫМЕН ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНГЕН

Жымпитылық Райгүл Әбдуғалиева 1982 жылы Қарағанды қаласындағы техникумды оператор-байланысшы мамандығы бойынша бітірген. Туған жерге оралып, анасы қызмет еткен «ҚазПоштада» сараманнан өтті. Райгүл бүгінде аудан орталығындағы Қаз Поштада ұзақ жылдар бойына жемісті еңбек етіп келеді. Өз ісінің шебері 2011 жылы Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігінің «Құрметті байланысшы» атағына лайық деп танылғандығын айтпай кетуге болмас. Райгүл еңбекке араласқан жылдары мекеме басшылары К.Ибрашев, Ч.Искендировпен, әріптестері М.Жалмуханбетова, Р.Жангалиева, А.Ақбалиева, Ж.Рамазанова, Б.Фасхана, М.Ихсановамен қызметтес болғандығын мақтанышпен айтады. Кезінде Р.Әбдуғалиеваның анасы поштада басшылық қызмет те болса, қызы Сәуле де поштаның есеп-қисап саласында қызмет етті.
—       Халықпен қоян-қолтық жұмыс жасау кезінде сабырлылық пен ұқыптылық басты орында тұруы тиіс. Себебі, ондай қасиет бойыңда болмаса, жұмыста да береке болмақ емес,- Райгүл Гимранқызы.
Райгүл бүгінде 2 баланың анасы, сүйікті әже.
Кейіпкеріміз халқына ғана мінсіз қызмет көрсетуде ғана емес, өзге саладағы әріптестеріне де жанашыр тұлға.
Ол жайында «SYRYM eli» қоғамдық-саяси газетіндегі әріптесі Сая Дүзбайқызы да Райгүлдің жанашырлығы бөлек, ақжарқын мінезді жан, өз ісінің хас шебері» деген жылы лебізін айтады.

 

Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы