4.03.2021, 18:42
Қараулар: 315
«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫ БАСТАУ АЛДЫ

Жақында М.Есламғалиұлы атындағы орталық кітапханада «Парасат жолы» орталығы салтанатты түрде ашылды.

«Адалдық алаңы» жобасы аясында еліміздің барлық өңіріңдегі облыстық кітапхана базасында «Парасат жолы» өңірлік орталықтары ашылғалы тұр. «Парасат жолы» жобасы – ізгілік, даналық, әділдік, қамқорлық, қайырымдылық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сондай-ақ, мәдениет, әдебиет және руханиятты негізге ала отырып, келелі әңгімелер арқылы қоғамда парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға бағытталған жоба.

Ең алғашқы болып облыстық кітапхана базасында «Парасат жолы» орталығының ашылу рәсіміндегі лента қию құрметіне «Сырым елі» қоғамдық-саяси газетінің қызметкері Мүсірбек Айташев пен зейнеткер ұстаз Ахмет Батыршин ие болды.

Шара кезінде орталық кітапхананың директоры Айнұр Уалиахметова аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әнуарбек Галимов, ардагер ұстаз Ахмет Батыршин, журналист Мүсірбек Айташев, кітапханашы Дина Қажғалиева ойлы пікірлерін бөлісіп, сөз сөйледі.

«Парасат жолының» кітапхалардан басталуы заңды деп білеміз, себебі парасаттың қайнар көзі-кітапта. Елге белгілі, ісімен өнегелі жандар жастарға жол көрсетсе-бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда тиімді шешімдер әзірлеу жөніндегі жұмысқа тарту үшін бірегей алаң болмақ.

Шарада жерлес ақын-жазушылардың адалдық, парасаттылық жайында жазған швғармаларын Р.Мухамбеткалиева, Л.Бергалиева, Э.Альденова әдемі оқыды.

Орталық кітапханада арнайы «Парасат жолы» бұрышы ашылды.

 

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Сырым ауданы