1.03.2021, 19:33
Қараулар: 130
 » 
АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Аудан орталығында «Ұлы даланың кеңдігі үшін, мың алғыс!» атты 1 наурыз-Алғыс айту күніне арналған мерекелік шараны болды.
Биыл-Алаш баласын шексіз қуанышқа бөлеген, арманымызды ақиқат еткен, іргелі ел, дербес мемлекет екенімізді әлемге жария қылған Тəуелсіздігіміздің ордалы 30 жылдығы.
Тəуелсіздіктің əрбір таңын қуана қарсы алып, əр күнін қажырлы еңбекпен, еңселі ерлікпен өрнектеген Қазақстан жаһан жұртшылығына алуан ұлысты бір шаңырақта ұйытқан жерұйық мекен ретінде танылды.
Бүгін, міне, ынтымақ, бірлік, татулық салтанат құрған елде Алғыс айту күні. Сондай-ақ, бүгін – Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні. Алғыс айту күніне арналған «Ұлы даланың кеңдігі үшін, мың алғыс!» атты мерекелік шарада Жымпиты ауылының тұрғыны, аудандық Ассамблея кеңесінің мүшесі Файруза Усманова, жалпы білім беретін Жамбыл негізгі мектебінің оқушысы Валентина Каримова сахна төріне көтеріліп лебіздерін айтты.
Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы