1.03.2021, 16:23
Қараулар: 133
 » 
«АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АЛҒЫС»

«АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАРҒА АЛҒЫС»

ҚОНЫС ПАНАГОЖИН:
(Жетікөл ауылының тұрғыны)
Өткен жылғы наурызда елімізге енген індет халқымызды әбден әуре-сарсаңға салғандығына куәміз. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын көрсеткен» ақ халатты абзал жандардың өз денсаулығын бәйгеге тігіп, өзгенің өміріне араша түскендігінің куәгері болдым.
Өткен жылдың маусым айында аталмыш індет құрығына түсіп 4-5 күн үйде ауырып, қызуым түспей, жергілікті медбикеміз Гүлжүзім Абрекова аудандық ауруханаға жолдама берді. Аудандық аурухана дәрігерлері мен медбикелері де ерекше күтіммен қарап, орын жетіспеушілігіне байланысты облыстық ауруханаға жолдандым.
Өзім ІІІ топтағы мүгедекпін. Бірақ, сол антына адал абзал жандардың арқасында қазіргі таңда денсаулығым жақсы. Қалыпты өміріме қайта оралдым. Бүгінгі таңда жұбайым Зоя екеуміз 2 баладан 2 немере сүйіп ақ жаулықты әже, ардақты ата болып отырмыз. Адам жанының арашасы болып жүрген ақ халат иелеріне алғысым шексіз. Сәл басымыз ауырып, балтырымыз сыздаса да осы маман иелеріне жүгінетін қараша халық үшін «бүгінгі күннің батырлары да» осы маман иелері десек, артық айтқандық емес.
Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы