1.03.2021, 12:57
Қараулар: 233
НҰРЫМ — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

НҰРЫМ — РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АЙТЫСТЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында Жамбыл Жабаевтың құрметіне арналған «Жыр алыбы — Жамбыл!» атты республикалық оқушылар айтысы өтті . Сөз сайысқа ел бойынша 26 ақын қатысып, онлайн айтысты.
Бұл айтысқа Батыс Қазақстан облысының атынан Ж. Ерман атындағы айтыс мектебінің шәкірті Нұрым Амангелді қатысты. Нұрым алғашқы айналымда Солтүстік Қазақстан облысының ақыны Диас Аяғанмен айтысып, қарсыласымен тең түсті.
Жаңа ғана Ұзынағаштан жақсы жаңалық жетті. Нұрым республикалық айтыстың арнайы жүлдесіне ие болды. Марапат Алматы облысынан Сырым аудандық білім беру бөліміне жолданатын болды.
«SYRYM eli»