10.02.2021, 11:58
Қараулар: 61
МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН МҮШӘЙРА

МҰҚАҒАЛИҒА АРНАЛҒАН МҮШӘЙРА

Қазақтың лирик, мұзбалақ ақыны, өзінен кейінгі ұрпаққа мәртебесі биік ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған аудандық жыр мүшәйрасы өтті.

Мүшәйраға аудан орталығынан бөлек өзге округтерден ақындар қатысты. Жұмыстар жазбаша нұсқада қабылданып, әділ қазылар алқасының шешімімен қорытындыланды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІІ орынға М.Есентемірова, Н.Мұстафиева, А.Ихсанова, ІІ орынға А.Мырзағалиев, Я.Әмірғалиева лайық деп танылды.

Жүлделі І орын алғабастық ақын Нұрлан Төлеуішовке, бас жүлде шағырлойлық Абзал Каримоллинге бұйырды.

Қатысушыларға диплом, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталады.

 

А.БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Сырым ауданы