4.02.2021, 12:04
Қараулар: 275
 » 
ҚОС БҮЛДІРШІНДІ ҚУАНТТЫ

ҚОС БҮЛДІРШІНДІ ҚУАНТТЫ

Бүгінде аудандық психологиялықпедагогикалық түзеу кабинетінде 32 бала тәрбиеленіп, білім алуда. Жұмыс санитариялық талапқа сай оффлайн жүріп жатыр. Әйтсе де қатынау қиындық туғызғандықтан, шалғай ауылдарда онлайн білім алып жатқан балалар да бар.


– Шалғайдағы балаларымыздың онлайн білім алуына мүмкіндік жасап, қолұшын созған «Сапар» шаруа қожалығының жетекшісі Қуанай Ғұмаров ерекше білім беруді қажет ететін қос бүлдіршінге екі ұялы телефон сыйлап, азаматтық танытты, – дейді аудандық психологиялықпедагогикалық түзеу кабинетінің басшысы Аида Ниязғалиева. Бір қуанарлығы, пандемия кезінде де кабинеттегі тәлім-тәрбие, мәдениағарту жұмысы өз деңгейінде жүріпті. Бұл жерде ерекше балалармен жұмыс істейтін педагогтар мен психологтардың еңбегі ерен екені айтпаса да түсінікті.

Айжан АМАНГЕЛДИНА