ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауында белсенділік танытып, «Nur Otan» партиясының айқын басымдықпен жеңіске жетуіне қосқан үлесі үшін әр сала өкілдерінен бөлек аудан айнасы «SYRYM eli» қоғамдық-саяси газетінің редакторы Бауыржан Ширмединұлы, журналистер Мүсірбек Айташев, Шынар Молданиязова да Елбасының алғыс хатына ие болды.
А.Байтұрсынұлы айтпақшы, «Газет- халықтың көзі, құлағы Һәм тілі». Әріптестеріміз де «Nur Otan» партиясының аудандық штаб мүшелерінің үгіт-насихат жұмыстары барысында үзіліссіз еңбек етіп, халықтың көзі һәм құлағындай болғандығы рас.
Әріптестерімізге шалқар шабыт тілейміз!
Айжан АМАНГЕЛДИНА,
Сырым ауданы