28.01.2021, 15:02
Қараулар: 98
ЕЛБАСЫНАН КЕЛГЕН МАРАПАТ

ЕЛБАСЫНАН КЕЛГЕН МАРАПАТ

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өткен болатын.
Осы саяси доданың ұйымшылдықпен өткізілуі бағытында, «Nur Otan» партиясының жеңістен көрінуі жолында партия белсенділері, сенім білдірген өкілдер, байқаушылар үлкен белсенділіктер танытты.


Бүгін «Nur Otan» партиясының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев саяси науқанда зор белсенділік көрсеткен бір топ зиялы қауым өкілдеріне Елбасы Н.Назарбаевтың тарапынан «Алғыс хат» тапсырып, зор ризашылық сезімін білдірді. Аталмыш марапат алғандардың арасында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет, денсаулық, спорт, баспасөз саласының өкілдері бар.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,
Сырым ауданы