«Nur Otan» партиясы Сырым ауданы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев қарымды қаламгер Мүсірбек Айташевті зейнеткерлік жасымен құттықтады.
Талғат Мұратұлы өз сөзінде, М.Айташевтің ауданымыздың өсіп-өркендеуіне үлес қосып, «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі ретінде тығыз қарым-қатынаста болып, белсенділік танытып жүргенін тілге тиек етті.
Қаламгерге партия атынан алғыс хат пен Х.Есенжановтың «Ақ Жайық» роман-дилогиясын сыйға тартты.
Айжан АМАНГЕЛДИНА