Сырым аудандық ауруханасында аудандағы халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету мақсатында Қытай Халық Республикасында коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмония эпидемиясының асқынуына арналған оқу-жаттығу өткізілді.
Оқу-жаттығуға аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының мамандары, обаға қарсы күрес бөлімшесінің бактериолог-дәрігері, Сырым аудандық аурухана дәрігерлерімен бірлесіп, медицина қызметкерлері, зертхана лаборанттары қатысты.
Коронавирустың жаңа түрінен туындаған пневмония эпидемиясының асқынуы, пневмонияға күдікті науқас тіркелген жағдайда бірінші типтік киім кешекті киіп-шешу, пневмониямен ауыратын науқастардан материалды алу және тасымалдау, олардың ошақтарында дезинфекциялық іс-шараларды жүргізу жолдары түсіндіріліп, көрсетілді.
Сырым аудандық ауруханасы